«Лайықты жұмыс және экономикалық өсу қазіргі қоғамда маңызды» тақырыбындағы кездесудің қорытындысы

22 желтоқсан, 2023

08 желтоқсан 2023 жылы Азаматтық құқық және  азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойына арналған, БҰҰ № 8 ТДМ "Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу" аясында  " Лайықты жұмыс және экономикалық өсу қазіргі қоғамда маңызды ма?"атты тақырыбында кездесу өтті.Модератор ретінде Орынбасаров М.К., Ермухаметова С.Р., Алдашев С.М. сөз cөйледі.Офлайн кездесу аясында барысында әрбір азаматтың ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және өнімді жұмыспен қамтылуына лайықты екенін және мәжбүрлеп еңбек еткізуді жоюдың маңызы талданып қарастырылды.