ТДМ 4. Сапалы білім беру

25 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 22 қарашасында қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында білім беру үдерісі мен оқыту нәтижелерін және сауалнама нәтижелерін жақсарту мәселелерін талқылау үшін профессорлық-оқытушылық құрамның «6В07109 Өндірістік электроника және басқару жүйелері» мамандығы студенттері мен «7М07125 Электроника және басқару жүйелері» мамандығы магистранттарымен және жұмыс берушілермен кездесуі өтті. Оқытушылар білім беру үдерісін жақсарту, атап айтқанда, оқытудың жаңа әдістерін енгізу, жобалық және топтық жұмысты енгізу, студенттерді жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларға тарту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Жұмыс берушілер өндіріс пен оқу үдерісінің байланысын жақсарту үшін жоғары мамандандырылған пәндерді енгізуді ұсынды. Студенттер мен магистранттар үйірмелерді кеңейтуді, конкурстар санын көбейтуді және студенттерді ғылыми жобалар мен стартаптарды әзірлеуге тартуды ұсынды.