- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының арасында «AntiParaCraft-2023» студенттік квест ойынын өткізді
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының арасында «AntiParaCraft-2023» студенттік квест ойынын өткізді
2023 жылдың 22 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының арасында «AntiParaCraft-2023» студенттік квест ойынын өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті, адами құндылықтар жүйесін қалыптастыру, имандылық пен азаматтықты қалыптастыруға қажетті қабілеттерді дамыту болды.
Құттықтау сөзбен Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің профилактикалық іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары А.А.Асқар, сонымен қатар заң факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары С.Э.Асанова, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Усеинова К.Р. сөз сөйледі.
Квест ойыны 3 кезеңнен тұрды, ойын барысында алпыстан астам қатысушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуді талап ететін тапсырмаларды орындады. Қатысушылар тиісті тапсырмаларды, жұмбақтарды жеңіл орындап шешті, тесттерге жауап берді және ситуациялық есептерді түсіндірді. Ойын жеңімпаздары ұпай сандарын санау арқылы анықталды.
1-орынды Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі студеннтері иеленіп, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2-орынды Асфендияров атындағы ҚазҰУ-дің студенттері иеленіп, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
3-орынды Алматы көпсалалы колледжінің студенттері алып, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қорытындылай келе, заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Усеинова К.Р. қатысушыларға дипломдар табыстап, жастар квест ойыны аясында ғана емес, күнделікті өмірде белсенді өмірлік ұстанымдарын жалғастыратынына сенім білдірді.
Заң факультеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедраның меңгерушісінің орынбасары Бискультанова А.М.