Жүнісбаева Жазира Қабылқызы «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» ғылыми тағлымдамасының иегері атанды

26 желтоқсан, 2023

Молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты! Ғылыми тағлымдама барысында Густав Рози атындағы институттың (Франция) «ДНҚ репарациясы» зертханасының меңгерушісі, профессор Сапарбаев Мұрат Қалиұлының жетекшілігімен ол митохондриялық ДНҚ тізбектерінің тұқым қуалау механизмін және геномдағы соматикалық мутациялардың пайда болу заңдылықтарын зерттейді. Бұл зерттеу жұмысы адамның жасына байланысты туындайтын аурулар мен клеткалардың қартаюын алдын-ала диагностикалау мен алдын-алудың жаңа жолдарын табуға көмектеседі.