Қазақстандағы қытайтанудың өзекті мәселелері талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ғалым, механика-математика факультетінің профессоры Күләш Қалиевамен кездесу өткізді.
Ректор профессормен бірге Қазақстандағы қытайтану мәселелері мен ғылыми зерттеу бағыттарын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Күләш Қалиева Жансейіт Түймебаевқа кафедрада жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен ғалымдардың ғылыми жетістіктері туралы мәлімет берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қытай университеттерімен білім және ғылым саласы бойынша белсенді ынтымақтастықта. Қазіргі уақытта оқу ордасы Қытайдың 55 жоғары оқу орнымен серіктестік орнатқан. Қытайдан келген профессорлар дәстүрлі түрде ҚазҰУ-да дәрістер оқиды. Бүгінде білім ордасында қытайтану кафедрасы мен Конфуций институты табысты жұмыс істейді. Онда көптеген халықаралық ғылыми конференциялар мен кездесулер өткізіледі.
Кездесу соңында Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-да қытайтануды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі