ҮНДІСТАННАН КЕЛГЕН ПРОФЕССОР МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚИДЫ

27 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Үндістанның Индустрия инженерлік-технологиялық колледжінің Инженерлік механика кафедрасының профессоры, д-р. Моханрадж Муругесан Механика кафедрасының профессор қызметін атқарушы Беляев Е.К. шақыруымен «Different Applications of Compression Heat Pumps» тақырыбында дәріс оқиды.

Профессор Моханрадж Фараби университетіне «Шетелдік ғалымдарды тарту» мемлекеттік бағдарламасы аясында университет бакалаврлары, магистранттары мен докторанттарына дәріс оқу үшін шақырылды.

Профессор Моханрадж Муругесан жаңартылатын энергия, HVAC, термодинамика, жылу және масса алмасу, автомобиль жасау және материал жасау салаларындағы маман иесі.

Стэнфорд университетінің (АҚШ) 2019, 2020, 2021 және 2022 жылдардағы талдауына сәйкес профессор Моханрадж энергетикалық инженерия саласындағы әлемдегі ең үздік 2% ғалымдардың қатарына кіреді. Ол импакт-факторы жоғары 26 халықаралық журналдың рецензия жасаушысы. Оның h-индексі 33 болатын Scopus-та 115-тен астам мақалалары бар. Ол докторантураның толық курсын 2021 жылы аяқтаған «Solar Thermal Seawater Desalination» тақырыбымен жұмыс істейтін Д. Байымбетов Ph.D. кандидатының шетелдік жетекшісі.

Профессор Моханрадж қазақ ғалымдарымен бірге Механика кафедрасының профессор қызметін атқарушы Беляев Е.К. жетекшілігімен 5-тен астам ғылыми жобаларды жүргізді, қазіргі уақытта екі бірлескен жобаны жүргізуде, импакт-факторы жоғары журналдарда 10-нан астам ғылыми жұмыстарды жариялады, Қазақстан Республикасының өнертабысқа 3-тен астам патенттерін алды.

Дәрістер 26 желтоқсанға дейін жалғасады.