«Сапалы білім беру» ТДМ №4

27 желтоқсан, 2023

27.12.2023 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы «Сапалы білім беру» БҰҰ ТДМ №4 іске асыру шеңберінде «Ғылыми тағылымдама магистранттардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету құралы ретінде» тақырыбында ғылыми семинар өтті.  Семинар модераторы з.ғ.д., профессор Қуаналиева Г. А.  болды. Осы мәселе бойынша,  з. ғ. к. Жугралина Б.М. және  «7М04217-Құқықтану» мамандығының ғылыми - педагогикалық бағыттағы 2 курс магистранты Меруерт Әбішева сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар магистранттарды қазіргі жағдайда жұмыспен қамту құралы ретінде ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру процесінің негізгі элементтерін қарастырды. Семинарда тағылымдаманы ұйымдастыру және өткізу бөлігінде магистранттарға тәжірибеге бағдарланған білім беруді ұйымдастырудың негізгі мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар "Практика-тағылымдама-жұмыспен қамту" тұжырымдамасын іске асыру тетігін әзірлеу қажет деген қорытындыға келді.