Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдама

27 желтоқсан, 2023

"Пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласын мемлекеттік реттеуді күшейту" гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде э. ғ. д., профессор Сансызбаева Г. Н., э. ғ. к., профессордың м. а. Сокира Т. С., жоба жетекшісі, э. ғ. к., доцент Аширбекова Л.Ж. 15-22 желтоқсан аралығында Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінде (UNEC) болды (Баку, Әзірбайжан)https://unec.edu.az/.

Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті Экономика және бизнес саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен айналысатын Оңтүстік Кавказдың ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта университетте 10 факультет жұмыс істейді, онда әзірбайжан, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде 22 мамандық бойынша 18 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторанттар білім алуда. 

Бүгінгі таңда университетте 40-тан астам ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс атқарады. UNEC-тің стратегиялық басымдығы халықаралық деңгейдегі университет болу. Осы мақсатта Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті экономика, бизнес, оқу бағдарламаларын дамыту саласындағы әлемнің жетекші университеттерімен байланыстарды кеңейтеді. 

Тағылымдама бағдарламасы аясында жобаға қатысушылар қаржы, әлемдік экономика, банк ісі, менеджмент, экономика, бизнесті басқару, бухгалтерлік есеп және т. б. сияқты 11 мамандық бойынша даярлау жүзеге асырылатын UNEC Ресей экономика мектебіне барды. 

Университеттегі тағылымдама нәтижесі ретінде факультеттер арасында бірлескен зерттеулер жүргізу, мақалалар жариялау және қаржыландырылатын ғылыми жобалар конкурстарына қатысуға өтінімдерін дайындауда ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.