28.12.2023 ж.
Жаңа 2024 жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «ЖОО үздік оқытушысы – 2023» республикалық байқауының жеңімпаздарының бірі анықталды, ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қалымбек Бақытжан. Байқау, оқытушы мамандығының рөлі мен маңыздылығын, сондай-ақ беделін арттыру және олардың әрі қарай кәсіби өсуіне ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізілетіні белгілі.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының басшылығы мен ұжымы атынан Бақытжан Қалымбекұлын байқаудағы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз, одан әрі шығармашылық табыстар мен жаңалықтар, кәсіби қызметте креативті идеялардың іске асуын, отбасылық амандық тілейміз! Осымен тоқтап қалмай, әрқашан алға ұмтылып, кез келген шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз. Табысқа жету жолында әрқашан бақытты жұлдыз жарқырай берсін!