Тұрақты инфрақұрылымды құру, жан-жақты және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу

27 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 27 желтоқсаны – Кеден ісі, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Джангабулова Арайлым Қуанышбекқызы заң факультетінің 3 курс студенттерімен бірге: «Тұрақты инфрақұрылымды құру, жан-жақты және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу» атты 9-шы ТДМ жүзеге асыру аясында ғылыми семинар өткізді.
Ғылыми семинар барысында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу және ілгерілету, халықаралық саудаға жәрдемдесу және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету сияқты маңызды тақырыптар қозғалды.