Қазақстандағы  экожүйенің өзекті мәселесі

25 желтоқсан, 2023

2023 жылы желтоқсан айының 25 жұлдызында Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биологиялық музейінде “Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының ұйымдастыруымен “География және табиғатты пайдалану” факультетінің «Кадастр» мамандығының 3 курс студенттерімен бірге “Құрлық экожүйелерін ұтымды пайдалану” тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинар Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму 13 - мақсатын іске асыру аясында өтті. Ғылыми семинарды "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Г.Т.Айғаринова ұйымдастырып, тақырыптың өзекті мәселелерін айқындады. Кафедра доценті экожүйенің ластануына байланысты қоршаған ортаның бұзылуы, климаттың күрт өзгеруі немесе ауа райының ысуымен ерекшеленетінін айтып өтті. Ғылыми баяндама жасаған студенттер дүние жүзіндегі және Қазақстандағы  экожүйенің өзекті мәселесін, оның басты факторларын атап өтті. Климаттың өзгеруінің басты факторларын, адамзаттың іс-әрекеті салдарынан туындайтын проблемалар айтылды. Сондай-ақ қазіргі таңдағы сол проблеманың басты шешімдерін, жұмыстарын және оны қалай күшейту керектігін баяндады. Ғылыми семинар қорытындысы бойынша нақты ұсынылған ұсыныстар қабылданды.