Есенбекова Арайлым Есенбекқызы - «500 ғалым» бағдарламасы бойынша халықаралық «Болашақ» шәкіртақысының иегері

29 желтоқсан, 2023

Биология және биотехнология факультеті, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Есенбекова Арайлым Есенбекқызы «500 ғалым» жобасы аясында «Болашақ» бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегері атанды. Тағылымдама Испания мемлекеті, Гранада қаласы, Гранада университеті, Биотехнология институтының биомедициналық зерттеу орталығында негізделген Молекулалық биология және жасушаралық байланыс саласындағы жетекші зертханалардың бірінде өтеді. Жас ғалым Испанияның зерттеушілерімен бірлесе отырып, молекулалық және биохимиялық деңгейде метаболикалық аурулардың негіздерін зерттейді. Ғалым тағылымдамадан өту барысында қант диабетінің 2 типі кезіндегі эндотелий дисфункциясын жеңілдетуге балама ретінде гипергликемия жағдайында NF-kB қабыну жолына мелатонин/CoQ10 терапиясына зерттеулер жүргізеді.