Қазақтан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qfzaqstan» газетіне берген сұхбатынан түйген ой

3 қаңтар, 2024

Қазақтан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» басылымына берген сұхбатында бүгінгі таңда қоғамды   толғандырып отырған мәселелерге кеңінен тоқталып, өткен жылға ой жүгірткен. Әуелі саяси реформаларға, құқық қорғаудың тетігі, әрі кепілі - Конституциялық Сот өз жұмысын бастағанын, сайлау жүйесіндегі бірқатар өзіндік ерекшеліктерді көрсете отырып, жаңа ережелер бойынша елімізде мәжіліс және маслихат депутаттарының сайланғанын ашып айтты.

          Елдің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жетістіктері мен қордаланып қалған мәселелердің шешу жолдарына тоқталды. Бәсекелі экономика құру жолындағы әртараптандыру, инфрақұрылымдарды жаңарту, инвестиция тарту сынды бірқатар механизмдерді іске қосылғандығы көрсетілді. Білім беру және денсаулық сақтау салаларына да мемлекет тарапынан көңіл бөлінгені айтылды.

Ұлт мүддесін айқындай түсетін саяси бағдарлар негізінде бірқатар саммиттер өткізілетіні жоспарланғаны мәлім болды. Ұлтымыздың бір туар азаматтарына құрмет көрсету дәстүрі де жалғасын табатындығы, мемлекеттігіміздің тамыры тереңде жатқандығын айшықтайтын айтулы дата- Жошы ұлысының ірге тасы қаланғанына 80 жыл толуына орай арнайы ауқымды зерттеулер жүргізілетіндігі айтылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қасіретке толы Қаңтар оқиғасын нақты сипаттап,  өзінің бағасын берді.

Осылайша, еліміздегі Қазақтан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең басты басылымға берген сұхбатында өткен жылдағы елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңалықтарға тоқтала отырып, келген Жаңа жылдан күтер үміті зор екендігін білдіртті. 

 

                                                                       

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы

К.Б. Жанатаева