«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2023»

4 қаңтар, 2024

ҚазҰУ Экономика жоғары мектебінің бизнес-технологиялар кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, (PhD) доктор Товма Наталья Александровнаны республикалық байқауда жеңіске жетіп, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2023»  атануымен шын жүректен құттықтаймыз.

Товма Наталья Александровна 3 ғылыми жобаның, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің 2 гранты және 1 бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру жобасының жетекшісі болды. Қазіргі уақытта BR18574200 «Аумақтық маркетингке негізделген Жаңа Қазақстанды құру жағдайында моноқалаларды жаңғырту» (2022-2024 жж.) тақырыбы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бөлімінің жетекшісі. AР09057847 "Қазақстан Республикасын цифрландыру жағдайында білім экономикасын қалыптастыру және дамыту: іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен перспективалары" (2021-2023) тақырыбындағы жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасының және AP05135078 "Қазақстан Республикасында цифрлық экономиканы қалыптастыру және дамыту: іске асырудың теориясы мен практикалық шаралары" (2018-2020) тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі болды.

Наталья Александровна "Жария-құқықтық ғылымдағы жаңа есімдер" байқауының лауреаты (Ресей Федерациясы, Мәскеу, 2015 ж.), "Еуразияның үздік жас ғалымы" халықаралық байқауының финалисті (Ресей Федерациясы, Қазан, 2014 ж.), SAS институты (Ресей Федерациясы, Мәскеу, 2013) өткізген ТМД елдерінің ғалымдары арасында ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы болды.

Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін медальмен марапатталған (8 наурыз 2023 жыл), гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік зерттеулері үшін Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы Қорының конкурсының лауреаты (2012 ж.), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурсының үш мәрте лауреаты (2008-2010, 2012-2013, 2013-2014 жж.) атанды.

Товма Наталья Александровна 30-дан астам магистр мен 1 докторды (PhD) дайындады, оған 2023 жылдың 1 қыркүйегінде ғылыми дәреже берілді.

Товма Н.А. QS рейтингінің Үздік 300  кіретін жетекші жоғары оқу орындарында :  Universite de Lille (Франция, Лиль, 2023 ж.), Escuela Politécnica Superior de edificación de Barcelona (Испания, Барселона, 2023 ж.), the University of Sydney (Австралия, Сидней, 2023 г.),  Hanyang University (Корея, Сеул, 2023 г.), Ресей халықтар достығы университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу, 2021, 2023 ж.) Валенсия Политехникалық Университетінде (Испания, Валенсия, 2022 ж.), La Sapienza University (Италия, Рим, 2022 ж.), Marmara University (Түркия, Стамбул, 2021), Еуропалық қолданбалы ғылым және менеджмент институты (Чехия, Прага, 2019), Лондон бизнес және қаржы мектебінде (Ұлыбритания, Лондон, 2018), Anadolu Üniversitesi (Түркия, Эскишехир, 2018) , Богемияның Орталық университетінде (Чехия, Прага, 2017 Варшава экология және басқару институтында (Польша, Варшава, 2016)  20-дан астам тағылымдамадан өтті. Швейцария үкіметінің гранты бойынша "Managing and Distributing Natural Resource Revenues" тренингтік курсынан өтті (Түркия, Стамбул, 2015 ж.). Колумбия университетінде (АҚШ, Нью-Йорк, 2008) және Канзас университетінде (АҚШ, Канзас, Лоуренс, 2006) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Наталья Александровнаның 10 авторлық куәлігі және Scopus дерекқоры бойынша 28 еңбегі бар. Хирш Индексі-6. 54 біліктілікті арттыру курсынан өтті, оның 22-сі 36 сағаттан астам көлемде.

Наталья Александровнаға жұмысында табыс тілейміз!!!