ҚазҰУ студенттері Түркиядағы дебатқа қатысуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің студенттері Марат Аруна мен Тағыбай Айсауле Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доцент м.а., филол.ғ.к. Мамедовой Фатимы Зильпикарқызының қолдауымен Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының моделі бойынша халықаралық дебат шарасына қатысуда.
Бұл жобаны Ыстамбұлдағы «Бейоғлу» жоғары мектебі Түркия Республикасының Ұлттық білім министрлігі мен Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған.
Пікірталастарға қатысушы ҚазҰУ студенттері жан-жақты тәжірибе алып, сапалы жастар көшбасшылығының, теңгерімді білім берудің және тиісті дайындықтан өтудің халықаралық моделімен танысады.
Қатысушылар үшін бұл өз пікірі мен ұстанымдарын қорғау, шешендік қабілеттерін дамыту, дипломатия мен ИЫҰ жүйесінің негізгі теориялық және тәжірибелік бағыттарын араб тілінде меңгерудің бірегей мүмкіндігі.
Жобаға қатысушы жастар алған білімдерін, тәжірибелері мен дағдыларын халықаралық жобаларда, дипломатиялық қатынастарға, сондай-ақ ИЫҰ күн тәртібінің маңызды тақырыптарын талқылауға қолдана алады.
Пікірталас 7 қаңтарға дейін жалғасады.