2023 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы

9 қаңтар, 2024

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы , PhD Кондыбаева Салтанат Канапияевнаның «2023 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атануымен шын жүректен құттықтаймыз. Осы бағытта, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктердің негізінде 4 ТДМ-сапалы білімді қамтамасыз етеді. Ғылым мен білім жолындағы еңбегіңіз, студенттермен жасалған ғылыми жұмыстарыңыз бағалана берсін.  

Кондыбаева С.К. 2014 жылдан бері «Экономика» кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. 2018 жылы Польшаның Белосток технологиялық университетінің шақырылған профессоры қызметін атқарды. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де кәсіби қызметі аясында көптеген халықаралық конференциялар мен семинарларға, ғылыми жобаларға белсенді қатысып, жоғары деңгейлі нәтижелер көрсетіп жүр. Атап өтсек, «Үздік мақала» конкурсында ғылыми жарияланымы үшін Қазақстан ЖОО қауымдастығының баспасымен марапатталануы; Әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Үздік жас ғалымы» атануы және «Рухани жаңғыру, Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде Ұлттық аударма бюросымен ұйымдастырылған ағылшын тіліндегі кітаптарды қазақ тіліне аудару қызметіне қатысуы тек кейбір ғана жетістіктері.