Сапалы білім

11 қаңтар, 2024

11.01.2023. Тұрақты даму мақсаттарын орындау барысында  Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының ұйымдастыруымен заң факультеті және география және табиғатты пайдалану факультетінің  студенттерімен бірге "Сапалы білім" тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинар Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму 13 - мақсатын іске асыру аясында өтті.  Ғылыми баяндама жасаған студенттер дүние жүзіндегі білім жүйесінің  мәселелерін толықтай ашып,талқылады. Ашып айтқанда баяндамашылар Германия, Жапония, Корея, Америка елдерінің білім беру сапасын саралап,баға берді және Қазақстан үлгісі  үшін қандай нысандардың  тиімді екеніне  тоқталды.  Ғылыми семинар қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар ұсынылып ,ол үшін студенттер де өзінің үлесін қосу керек екенін түсінді.