Жауапты тұтыну және өндірісFarabi University

Жауапты тұтыну және өндіріс

11 қаңтар, 2024

Тұрақты даму бастамасы аясында 2024 жылдың 11 қаңтарында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Битабарова Ж.А. ZOOM платформасы арқылы БМУ магистранттарымен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 4 курс студенттерімен «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында вебинар өткізді. Бұл шара Тұрақты дамудың 12 мақсатына арналған. Вебинар барысында қатысушылар Жауапты тұтыну және өндіріс деген не екенін, оның қалай жүзеге асырылатынын және қамтамасыз етілетінін және осы мақсатқа жету үшін мемлекет пен азаматтардың не істеуі керектігін талқылады. Бұл вебинар жауапты тұтыну және өндіріс арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.