Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д. Г.А. Куаналиева, 303 оқу тобының эдвайзері, аға оқытушы А.А. Есекеева оқу тобы студенттерімен 2024 жылы 11 қаңтарда «Су ресурстары және санитария» тақырыбында онлайн іс - шара өткізді. ТДМ - ның 17 мақсатының ішіндегі 6-шы мақсаты, яғни су проблемасы, әлемдегі ғасырлар бойы шешілмей жүрген аса күрделі мәселелердің бірі. Қазіргі таңда көп елдерде су тапшылығы орын алуда, ал оны шешудің нақты жолдары әліде толықтай қарастырылмай келеді. Осы мәселеге байланысты студенттердің ойларын білу мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Студенттер презентациялар жасап өз ойларымен, оған қоса қызықты идеяларымен бөлісті. Еліміз «Судың да сұрауы бар», «Қайнаған қара суда қасиет бар», «Су ішетін арығы жоқ елдің, сүзіп алатын балығы жоқ» - деп айтулары тектен тек емес. Сонымен су - тіршіліктің көзі екендігін естен шығармай, үнемді пайдалана білейік!