ТДМ 3: Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету

10 қаңтар, 2024

10.01.2024. ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған 50-ші "Денсаулық" спартакиадасына ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері белсенді қатысуда. Қызметкерлердің денсаулық жағдайы ұлттың салауатты әлеуетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан олардың денсаулығын сақтау және дамыту және қызметкерлерге салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі таңда басымдыққа ие.  Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы Жапақов С.М. топтық волейбол жарыстарына заң факультетінің құрама командасы құрамында болып, 1 орынға ие болды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына топтық волейбол жарысының финалында лайықты өнер көрсетіп, жеңіске жетуге тілектеспіз!