ТДМ 3: Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету

9 қаңтар, 2024

9.01.2024 - 18.01.2024 аралығында ҚазҰУ-нің 90 жылдығына арналған 50-ші "Денсаулық" спартакиадасы өткізілуде. Осы іс шараға университет қызметкерлері өздері қалаған түрлі спорт түрлеріне қатыса алады. Спорт түрлерінің бірі үстел теннисі бойынша жарысқа PhD докторы, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Ибрагимов белсенді қатысып, 3 орын алды. Азиз Тілапжанұлын денсаулықты нығайтудағы осы елеулі жетістігімен құттықтаймыз! Денсаулық-бұл адамның физикалық, психикалық және кәсіби функцияларының үйлесімді бірлігі, оның мүмкіндіктерін еңбек пен қоғамдық өмірдің әртүрлі түрлерінде оңтайлы іске асыруға ықпал етеді.