Отандық және шетелдік студенттердің қатысуымен қысқы мектеп

12 қаңтар, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының

ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22 қаңтар мен 02 ақпан  аралығында ««Түркістаннан Анадолыға:өркениет сабақтастығы» тақырыбында онлайн форматта қысқы  мектеп өтеді. Аталған қысқы мектепке Түркия Республикасының  Стамбул, Мармара, Эге, Стамбул 29 мамыр, Стамбул Йенийюзыл және Арел университеттерінің  студенттері мен магистранттары қатысады.

Қысқы  мектептің мақсаты- тыңдаушыларға түрік халықтарына ортақ тарих, тіл, дүниетаным жайында,  тағы да басқа көптеген саллар бойынша  ерекшеліктер мен ұқсас тұстарды таныстыра отырып, түрік  халықына  ортақ құндылықтарды зерделеу. Әрі бұл шара осыған дейін жалғасып келе жатқан  Қазақстан-Түркия арасындағы білім және ғылым кеңістігіндегі ортақ ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы. Қысқы  мектепке 17 шетелдік студенттер, магистранттар қатысуда. Дәрістер қазақ, түрік тілдерінде Түксой кафедрасы  оқытушылары тарапынан «Түркияның Орта Азиядағы рөлі», «Түркия Туркологиясына үлес қосқан Орта Азиялық түрктер «Қожа Ахмет Яссауи мен Юнус Эмре поэзиясындағы рухани құндылықтар»,  «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының сирек кітаптар бөліміндегі тарихи түрік мәтіндерінің сипаттамасы», «Қазақстанды Ресейдің отарлауы және реформаторлық қозғалыстар» және басқа да өзекті тақырыптар бойынша өткізілуде. Курс нәтижесінде тыңдаушылар мен дәріскерлерге сертификат беріледі.