«Денсаулық» жалпы университеттік спартакиадасының қорытындысы

15 қаңтар, 2024

🔹Адамның басты байлығы - денсаулық. Ал денсаулықты нығайту үшін спортпен шұғылдану ең басты шешім.✅
🔹Осы орайда, университет ұжымы арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2024 жылдың 9 қаңтар күні ҚазҰУ қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында «Денсаулық» жалпы университеттік спартакиадасы өтті. Спартакиада спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат ойын түрлері бойынша жүргізілді. Спартакиада ойындарына Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушылары да белсене ат салысты.   ♟️Шахмат ойындары бойынша - Мырзатаев Н.Д., Өміртай Р.,  🏓үстел  теннисіне - Нурахметова Г.Г., Асанова С.Э.,⛹🏻‍♀️әйелдер арасындағы воллейбол ойындары бойынша – Алкебаева Д.А., Тұрысбек А.Б., Серікқызы А. қатысты. Спорттық дода қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді.🏅
Шараға Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының  меңгерушісі - Сулейменова С.Ж. қатысып, барша қатысушыларға қоладау білдіріп, алдағы ойындарына сәттілік тіледі.👍🏻👏🏻🤝Бұл спорттық жарыс алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналады деп сенеміз!✅