ҚазҰУ-да “Денсаулық“ спартакиадасы басталды.
◽️Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушылар мен қызметкерлердің қатысуымен «Денсаулық» спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Спорттық шараның мақсаты – оқу орнындағы ұстаздар мен қызметкерлер арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау.✅
Биыл 50-ші рет өткізіліп отырған спорттық шара білім ордасының 90 жылдық мерейтойына арналды.
Спартакиаданың бағдарламасында бадминтон, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, мини футбол сияқты спорт түрлері қамтылған. Спартакиаданың ашылу рәсіміне заң факультетінің деканы Д.Л . Байдельдинов, Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі С.Ж. Сулейменова қатысты. Заң факультетінің деканы шараның ашылуына байланысты құттықтау сөзін сөйлеп, барша командаларға сәттілік тіледі. Спартакиаданың алғашқы күні бадминтон және әйелдер арасындағы воллейболдан жарыс өтті. Заң факультетінің команда қатысушылары өте жоғары дәреже де белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсете білді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпыкомандалық есепте жоғары балл жинап, жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаз факультет командаларына алдағы уақытта арнайы кубоктар мен сыйлық сертификаттары табыс етілетін болады.🏅
Аталған іс-шараға белсене қатысқан кафедра оқытушыларына алғыс айтамыз!👏🏻👍🏻🤝