15 қаңтар күні университет музейіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойының алғашқы қонақтары болып бірқатар белді түркітанушы ғалымдар келді

16 қаңтар, 2024

Олар Ресей мен Өзбек елдерінен келген профессор Н.Егоров, Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры Д.Құлмаматов РҒА Шығыстану институты Шығыс тарихы бөлімінің меңгерушісі А.Васильев, «Crede Experto: көлік, қоғам, білім, тіл» халықаралық ақпараттық-сараптамалық журналының ғылыми-редакциялық алқасының мүшесі И. Новгородов бар

Құрметті қонақтар музей экспозицияларын толық тамашалап, 90-жылдық терең тарихы бар белді университетіміздің өткен белестерінен мәлімет алды. Осындай тамаша музейдің заман талабына сай, құнды деректер, фотосуреттермен әрленген экспозицияларына дән риза болды. Экскурсия соңында музейдің Құрмет кітабына өздерінің алған әсерлері мен тілек ниеттерін қалдырды