«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі

17 қаңтар, 2024

«Экономика» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Мадина Сакеновна Төлегенова 2002 жылдары Экономика және бизнес факультетінің «Экономикалык теория» кафедрасының меңгерушісі болған, АКШ Кентуки университетінде (1992), Кыргызстан мен Алматыдағы Дүниежүзілік банктің білім беру курстарында, Ташкент қаласындағы банк жүйесіндегі твиннинг бойынша Дүниежүзілік банк семинарларында (Лондон, 2009 ж.) біліктілігін көтерді. Профессор көптеген магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасауда, бұл тұрақты даму мақсаттарының ішінде 4 мақсатты толықтай қамтамасыз етеді. ҚР ҒжБМ «ЖОО үздік оқытушысы» республикалык конкурсының иегері және бірнеше ғылыми жобалардың жетекшісі.

Мадина Сакеновна, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мемлекеттік марапатыңыз құтты болсын.