ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «ХIII-ХVIII ғасырлардағы Отан тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

9 қаңтар, 2024

2024 жылдың 9 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «ХIII-ХVIII ғасырлардағы Отан тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция барысында ХIII-ХVIII ғасырлардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне қатысты соңғы зерттеулер талқыланды.

Конференция жұмысына отандық жетекші ғалымдар, мемлекет қайраткерлері – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиев, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, филос.ғ.д. Р.Б. Абсаттаров, 1981-1991 жж. Қазақ ССР Балық шаруашылығының министрі, Қазақсан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері Қ. Саржанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Дадебаев, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Мәсімханұлы, сондай-ақ, тарихшы мамандар, қоғамтанушы ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.