ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат»

16 қаңтар, 2024

2024 жылдың 16 қаңтарында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Роза Ережепқызы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында куратор-эдвайзерлер үшін «Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлерінің жұмысындағы психологиялық технологиялар» атты қысқы шеберлік сабақтарына қатысты.  Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған.
Қазақстанның тұрақты дамуының жаһандық негізгі мақсаттарының бірі – денсаулық пен әл-ауқат, ал психологиялық денсаулық олардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Іс-шара ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат» бағдарламасын жүзеге асырады. Студенттерге психологиялық қолдау көрсету және жастар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу жобасы аясында өткен тренингте студенттердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу және бейімделу мәселесі басты тақырыпқа айналды. Семинарда аутоагрессивті мінез-құлық үшін қауіп-қатер және қорғаныс факторлары, жастар мінез-құлқының ескерту белгілері мен маркерлері, білім беру іс-шараларын ұйымдастырудың интерактивті әдістері, студенттерге университетке тиімді бейімделуге қалай көмектесу сияқты мәселелер қарастырылды. Жоба «Денсаулық үшін серіктестер» ҮҰӨ қолдауының арқасында жүзеге асып отыр. Жүргізуші дәріскерлер психология ғылымдарының докторы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Мадалиева З.Б., психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Құдайбергенова С.Қ.