Ұшқан ұя

25 қаңтар, 2024

 25 қаңтар 2024 жылғы  БҰҰ ТДМ 4 "Сапалы білім" мақсаты аясында Әл-Фараби ат.ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және кримналистика кафедрасының оқытушысы Мухамадиева Г.Н. және Тағайбек Қ.Т. студенттермен Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" романың талқыладық .

 XX ғасырдың ең жарқын тұлғасы, белгілі жазушы, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы – жазушының ең танымал туындыларының бірі. Бұл шығарма кезінде цензураның қатаң бақылауынан өтіп, біраз жерлері қысқартылған болатын.

«Ұшқан ұя» кітабы – халқымыздың этнографиялық энциклопедиясы тәрізді аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. «Ұшқан ұя» - автордың балалық шағынан сыр шертетін шығарма. Кітапта Бауыржан Момышұлы өсіп – өнген ортасы мен алған таным – тағылымын суреттейді. Сондай-ақ шығармада қазақтың «қонақ күту кәдесі», «қыз ұзату», «көкпар тарту» және т.б. салт – дәстүрлерін тілге тиек етеді, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін өте шынайы бейнелейді.