ҚазҰУ Санкт-Петербор мемлекеттік университетімен ынтымақтастықты жалғастыруда
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- ға Санкт-Петербор мемлекеттік университеті психология факультетінің профессоры Рифкат Мухамедрахимов арнайы келіп, философия және саясаттану факультетінің ұжымымен кездесті.
Екіжақты кездесу барысында философия және саясаттану факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Бекжан Мейірбаев, профессорлар – Гүлмира Әбдірайымова, Әйгерім Мыңбаева, Нұрсұлу Әлқожаева, Майра Қабақова екі университет арасындағы кәсіби ынтымақтастық бағыттарын анықтап, жетілдіру жолдарын талқылады.
Өз кезегінде профессор Рифкат Жаудатұлы бұл сапар оқу, ғылым саласындағы ынтымақтастық бағыттары мен тығыз достық байланыс орнатудың бастауы болатынына сенім білдірді. Келіссөздер кезінде болашақта бірлесе одақтаса жұмыс жасаудың тетіктері, атап айтқанда: қосдипломды бағдарламаларды күшейту, академиялық ұтқырлық үшін студенттер алмасу бағдарламасына жол ашу, диссертациялық кеңеспен тығыз байланыс орнату, мемлекеттік грант жобаларына қатысу сынды жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар Рифкат Жаудатұлы өзінің ғылыми әлеуетінің шеңберіне қатысты клиникалық психология оқу бағдарламасы бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Екі университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылау барысында факультет деканы Бекжан Мейірбаев факультет ғалымдарын біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға, сондай-ақ ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы мүмкіндіктерді атап, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда: біріккен ғылыми жобаларды, ғылыми шараларды іске асыру; қосдипломды бағдарламаларды жандандыру және олардың екі университеттен екі мамандықты алып шығу жолын қарастыру.
Профессор Рифкат Мухамедрахимов жұмыс сапары барысында ана мен нәрестенің қарым-қатынасы, отбасы мен балалар үйіндегі балалардың даму психологиясы, кішкентай балалардың және олардың ата-аналарының психикалық денсаулығы тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізетін болады.
Кездесу соңында тараптар алдағы ынтымақтастық барысын талқылап, психология, әлеуметтану, педагогика саласындағы жобалардың келешек бағыттарын анықтады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі