ТДМ 4. Қазақстан Республикасының Президентінің сұхбатын талқылау

3 қаңтар, 2024

Бүгін физика-техникалық факультеті деканатының кеңейтілген отырысында қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын талқылады. Сұхбатта көтерілген мәселелердің барлығы қазіргі уақытта өзекті және мұқият көзқарас пен терең түсінуді талап етеді. Елімізде басталған реформалар мен күтілетін оқиғалар республиканың барлық азаматтары тарапынан қолдау табады деп сенеміз.
Өз тарапымыздан энергетика, қолданбалы физика және техникалық реттеу саласында жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатына жету үшін біз, жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының оқытушылары, студенттерді оқытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, климаттың өзгеруінің жаһандық мәселелерін шешу аясында кафедра қызметкерлері жылу электр станцияларының атмосфераға зиянды шығарындыларын азайту және жел генераторларының қалақтарының көктайғағын алдын алу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Біздің ғалымдар ластаушы заттардың айтарлықтай төмен шығарындылары бар плазманы пайдалану арқылы реакциялық камерада көмірсутектерден сутегі газы мен қара көміртек алудың плазмалық технологиясын ұсынды (АҚШ патенті «Сутегі мен көміртегін өндірудің жүйелері мен әдістері»). Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының барлық әзірлемелері еліміздің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға ықпал етеді.