Оқу үдерісін жақсарту, білім сапасын арттыру әрқашанда назарда
Тұрақты дамытуды жүзеге асыру үшін 2024 жылдың 24 қаңтарында заң факультеттінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасында 2024жылдың көктемгі семестрінің оқу жоспарына сәйкес сапалы білім беру мәселелері қарастырылды. Оқу жылында сапалы білім беру үшін, әр оқытушы өзінің оқу-әдістемелік кешенімен таныстырып, ОПҚ-мен оқу жоспарларын талқылады. Жоспарда бірнеше бағыт қамтылған: оның ішінде негізгі міндет студенттердің тиімді білім алуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту, білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкестендіру, электрондық оқу ресурстарын дамыту, т.б. Бұл арқылы студенттерге заманауи білім мен дағдыларды ұсынуға мүмкіндік артпақ. Сонымен қатар, оқытушы- профессорлар құрамының кәсіби дамуына үнемі назару аудару жағы талқыланды.✅