САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ РЕТІНДЕ

26 қаңтар, 2024

2024 жылдың 8-18 қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері мен ОПҚ арасында 50-ші рет дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтті. Спартакиадаға 20 команда қатысты. Оқытушылар мен қызметкерлер жеті спорт түрінен жарысты: волейбол (ерлер, әйелдер), шахмат, шағын футбол, бадминтон, үстел теннисі, тоғызқұмалақ ұлттық ойыны. Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар «Парасат» кәсіподағының грамоталарымен және жүлделерімен марапатталды.

География және табиғатты пайдалану факультеті белсенді қатысып спартакиада қорытындысы бойынша 6 орынды иеленді. Оның ішінде тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасынан кафедра меңгерушісі доцент Т.А. Базарбаева және доцент Г.А. Мұқанова волейбол командасының құрамында белсенді ойын көрсетсе, оқытушы Тоқтасын Әлішер және 2 курс докторанты Ошақбай Айту факультет жастарымен бірге футболға қатысып 2 орынға ие болды. Факультеттің ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары А.А. Рысмағамбетова бадминтонда жақсы ойын көрсетті.