Шығыстану факультетінің кеңейтілген Ғылыми мәжілісінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру туралы талқыланды

30 қаңтар, 2024

2024 жылы 23 қаңтарда Шығыстану факультетінің кеңейтілген Ғылыми мәжілісінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру мәселесі қарастырылды.  Кездесу барысында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы бұрыннан қолданыста жүрген «Шығыстану», «Аударма ісі (шығыс тілдері)», «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» және «Аймақтану (шығыс елдері)» сияқты білім беру бағдарламаларын саралап, өз пікірлерімен бөлісті. Келесі айда әзірленетін Ғылыми кеңеске білім берудің үш деңгейіне арналған жаңа білім беру бағдарламалары ұсынылды. Деканның бұйрығымен факультетте координаторлар мен бағдарлама әзірлеушілер тағайындалды.