31 қаңтар, 2024

30 қантар 2024 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының мәжіліс залында аға оқытушы, заң ғылымдарының кандидаты Досанов Мурат Ускимбаевич Біріккен Ұлттар Ұйымының «Барлығына сапалы білім беру» Орнықты даму мақсатын іске асыруға, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойына арналған «Криминалистика және сот сараптамасы пәндері бойынша семинар және тәжірибе сабақтарына дайындалу мен өткізудің өзекті әдістемелері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.