- Басты бет
- Мұражай
- 2024 ж. 26 қантар күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай, университет музейінде «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты көшпелі көрме ашылды
2024 ж. 26 қантар күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай, университет музейінде «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты көшпелі көрме ашылды
Шараға ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмила Айтжанова, Археология және антропология институтының директоры Ғани Омаров, профессор Жақып Алтаев, тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Байғонақов, ҚазҰУ музейінің жетекшісі Ардақ Жабықпаева, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Айбек Жандосов бастаған делегация мүшелері қатысып, көрмеге қатысты өз ойларын ортаға салды
Тарихи жәдігерлер көрмесін ҚазҰУ-дың Әл-Фараби орталығының және биология, палеолит музейлерінің қызметкерлері, ҚазҰУ-дың тарих, дайындық факультеттерінде оқитын Қытай, Моңголия, Өзбекстан мемлекеттерінен келген қандас студенттер тамашалады
Іс-шара барысында «Отырар» музей-қорығының маманы Ерлан Әскерини келушілерді көрме жәдігерлерімен таныстырды. Көрмеде «Ұлы Жібек жолы және Отырар Х-ХІІ ғғ.», «Отырар Қарахан дәуірінде», «ХІV-ХV ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар», «ХVІ-ХVІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында», «Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы» тақырыптары қамтылған
Сондай-ақ көрмеде «Отырар» музей-қорығы жинағындағы археологиялық жәдігерлер – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар ұсынылды.«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбындағы көрмесі ҚазҰУ музейінде бір айға жуық өтеді