Лайықты қызмет және экономикалық өсімFarabi University
Референдум 15 марта

Лайықты қызмет және экономикалық өсім

30 қаңтар, 2024

30.01.2024 жылы “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының оқытушысы PhD доктор Қонысбай Бақыткүл Менленқызы Заң факультетінің 4 курс 403 тобының студенттерімен ТДМ 8 мақсаты “Лайықты қызмет және экономикалық өсім” аясында ашық сабақ өткізді.  Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Студенттер алдын ала дайындалған слайдтармен таныстырып, көрініс қойды. Кейіннен плакат дайындап басқа студенттерге танымдық жұмысымен айналысты.