Музей аясындағы кураторлық сабақ

2 ақпан, 2024

Философия және саясаттану факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзітану», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша дәріс алып жатқан 1 курс студенттері "Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Махамбетова Жәмилә Тарғынқызының ұйымдастыруымен кураторлық сабаққа қатысты

Тәлімдік сабаққа қатысқан студенттерге университеттің кезеңмен даму тарихынан толық экскурсия жүргізілді

Сонымен қатар, олар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің жылжымалы көрмесімен танысып, онда қойылған ескі Отырарда табылған археологиялық  жәдігерлер – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталармен танысты