Қаңтар айының отызыншы жұлдызында филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзер Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы №17 студенттер жатақханасында Тұрақты даму мақсаты стратегиясы бойынша «Таза су және санитария» бағытында – «Су – тіршілік көзі» атты тақырыпта дискуссия өткізді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысындағы «Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді. Тіпті Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Бұл ретте, суды үнемдеу маңызды сұрақ болып отыр. Өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз суды үнемдегісі келмейді. Бұл сұрақты шешу үшін саланы цифрландыру және тиімді тарифтерді енгізу қажет», – деген пайымы талқыланып, суды ластамау, үнемдеу бойынша студенттердің ойы тыңдалды. Білімгерлер тақырып бойынша постерлер дайындап, пікірлерін ортаға салды.