02.02.2024 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.д. Рахметов Есил Шарипбаевич заң факультетінің 2 курс студенттерімен ТДМ 4 мақсаты «Сапалы білім» аясында ғылыми вебинар өткізді. Ғылыми вебинар тақырыбы «Экономиканы цифрландыру қазіргі заман талабы». Студенттер вебинарға белсене қатыса отырып, қызықтырған сұрақтарын ортаға салып талқылады. Жалпы цифрлық экономика дегеніміз не? Оның қоғамға алып келетін пайдасы мен зардаптары туралы ақпарат берілді. Тақырып студенттердің қызығушылығын оятты. Студенттер презентация дайындап, өздерінің ойларымен бөлісті.
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024