- Басты бет
- Жаңалықтар
- Түрікменстаннан келген студенттер үшін Тұрақты Даму Мақсаттары (SDGs) аясында шет тілінен сабақтар өткізілді
Түрікменстаннан келген студенттер үшін Тұрақты Даму Мақсаттары (SDGs) аясында шет тілінен сабақтар өткізілді
2024 жылдың 26 және 27 қаңтарында, 2 және 3 ақпанда «Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Койтасова Гүлжазира Ашировна ТДМ1 бағдарламасы: кедейшілікті жою аясында ағылшын тілі курсының кезекті сабақтарын өткізді. Курс негізінен аз қамтылған студенттерге және Түркіменстаннан келген студенттерге яғни, шет тілінен Elementary, Beginner деңгейі бар студенттерге арналған. Сабақтар офлайн және онлайн режимінде өтті. Сабақ барысында Түкменстаннан келген студенттер «At the library – giving personal information», «Describing people», «Introducing a friend», «Introducing a friend» тақырыптарымен жұмыс істеді, деңгейлеріне қарай ағылшын тіліндегі диалогтарды тыңдап, оқып, талқылады және тақырып бойынша тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ тілдің фонетикалық аспектілеріне тоқталып, түрлі жаттығулар жасау арқылы грамматиканы бекітті. Pre-intermediate деңгейінде студенттерге Learn English through story технологиясы бойынша сабақтар өткізілді. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін студенттер атақты жазушылар Марк Твеннің «Миллион фунттық банкнота» және Ян Кэрудың «Жоғалған махаббат» атты бейімделген аудио әңгімелерін тыңдады, оқыды және талқылады. Сабақтар жаңа лексиканың контексттерін талдаумен, сұрақтарға жауап берумен және сюжетті талқылаумен аяқталды.