Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Парасат” кәсіподағының ұйымдастыруымен ОПҚ мен қызметкерлер арасында қара шаңырақтың 90 жылдық мерейтойына орай 50-ші «Денсаулық-2024» спартакиадасы болып өтті. Тұрақты даму мақсаттары [ТДМ-3] аясында университет қызметкерлерінің денсаулығын шыңдап, әріптестік қарым-қатынасты пен ұжымдық сананы дамыту мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға 20 командадан құрылған 768 адам қатысты. “Денсаулық-2024” атты спартакиадаға Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы да белсене қатысып, тартысты, бәсекеге толы кездесулер өткізді. Ойын барысында факультет командасына әріптестеріміз қызу жанкүйер боп, қолдау білдірді. ОПҚ мен қызметкерлер жеті спорт түрінен жарысты: волейбол (ерлер, әйелдер), шахмат, шағын футбол, бадминтон, үстел теннисі, тоғызқұмалақ ұлттық ойыны. Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар «Парасат» кәсіподағының грамоталарымен және жүлделерімен марапатталды. Жүлделі I-II-III орын иелерін ғылыми кеңесте марапаттайды. Факультетіміздің ұжымын жүлделі орын алуымен шын жүректен құттықтай отырып, барша қатысушылар мен жанкүйерлерге зор денсаулық тілейміз!