Қайырымдылық жасау – қанымызда бар қасиет

5 ақпан, 2024

Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедек балалар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 150 қамқорлыққа алынушыларға азық-түлік себеттері түрінде демеушілік көмек көрсетуді сұрады. Бұл сұранысты Қазақ Ұлттық унверситетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұжымының оқытушылары шет қалдырмай, көмектесуге бірден келісті. Оқытушылар күнделікті өмір сүруге  қажетті заттарды сатып алып, әр отбасына азық түлік себетін жинап береміз деп шешім қабылдады.  Қажетті азық-түлік себеттері орталыққа жеткізіліп берілді. Орталық қызметкерлері ары қарай заттарды әр отбасына барып табыстады. Бұл кішкентай көмектің өзі әр балаға, олардың ата-анасына қуаныш сыйлады деген үміттеміз. Азық – түлік себеттерін ұсыну - бұл балаларға, әсіресе церебральды сал ауруы бар балалар сияқты ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектесудің тиімді әдісі болып табылады. Азық-түлікпен қамтамасыз ету отбасыларға, әсіресе медициналық көмек пен оңалтуға қосымша шығындарға тап болған отбасыларға қаржылық жүктемені төмендетуі мүмкін. Мұндай қайырымдылық бастамалары тұрақты және қамқор  қоғамдастық құра отырып, қоғамдағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары 3 (ТДМ 3) аясында ұйымдастырылды.  

                                                                                   

                                                 Физикалық химия, катализ және

мұнайхимия кафедрасының ұжымы