«Ғасырлар қойнауында» атты көрменің ашылу рәсімі өтті

5 ақпан, 2024

2024 жылдың 05 ақпанында сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде «Ғасырлар қойнауында» атты көрменің ашылу рәсімі өтті.
Шараға «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова бастаған делегация, ҚазҰУ басшылығы, университеттің тарих факультеті, оқытушы-професорлар, тарихшы ғалымдар, білім алушы жастар қатысады. 


ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орайластырылған көрменің мақсаты – халқымыздың археологиялық, этнографиялық, рухани және мәдени мұрасымен және Алтын адам тарихынан сыр шертетін құнды археологиялық жәдігерлермен таныстыру.


Көрме экспозициясына ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен түпнұсқа қыш ыдыстары, көне зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар және т.б. Қазақстан аумағынан табылған құнды жәдігерлер қойылды.
Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ҚазҰУ музейіндегі көрмесі 2024 жылдың 5 ақпан – 7 наурыз аралығында жұртшылық назарына ұсынылады.

 

Мекен-жайы:
Алматы қаласы, Әл-Фараби д-лы 71,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Ректорат ғимараты, 1-қабат, ҚазҰУ музейі