- Басты бет
- Мұражай
- 2024 жылдың 1-2 ақпан күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде «Ғасырлар қойнауында» атты көрменің ашылу рәсіміне дайындық жұмыстары жүргізілді
2024 жылдың 1-2 ақпан күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде «Ғасырлар қойнауында» атты көрменің ашылу рәсіміне дайындық жұмыстары жүргізілді
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері- ғалым хатшысы Х.А Айтқұл, Бас суретшісі Д.М. Бектемиров және бас қор сақтаушы А.Ж.Амаргазиева көрменің экспозициялық құрылымын дайындап шықты
ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орайластырылған көрменің мақсаты – халқымыздың археологиялық, этнографиялық, рухани және мәдени мұрасымен және Алтын адам тарихынан сыр шертетін құнды археологиялық жәдігерлермен таныстыру
Көрме экспозициясына ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен түпнұсқа қыш ыдыстары, көне зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар және т.б. Қазақстан аумағынан табылған құнды жәдігерлер қойылады
Шараға «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова бастаған делегация, ҚазҰУ басшылығы, университеттің тарих факультеті, оқытушы-професорлар, тарихшы ғалымдар, білім алушы жастар қатысады
Көрменің ашылу салтанаты 2024 ж. 5 ақпан күні сағ. 15.00 де өтеді.
Келіңіздер,көріңіздер!