ҚазҰУ музейіндегі Есік музей-қорығының «Ғасырлар қойнауында» көрмесі
Ашылу рәсіміне «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова бастаған музей қызметкерлері, ҚазҰУ басшылығы, университеттің тарих факультеті, оқытушы-професорлар, тарихшы ғалымдар, білім алушы жастар қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректоры Ж.Қ.Түймебаев мырзаның құттықтау сөзін университеттің ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ж.Н.Айтжанова жеткізіп, алғыс хатын табыс етті
Өз тарапынан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гульмира Райылқызы Мұхтарова ҚазҰУ-ды 90-жылдық мерейтойымен құттықтап, жылжымалы көрмені ұйымдастырып, құнды жәдігерлерді көпшіліктің көруіне мүмкіндік бергені үшін университет басшылығына, тарих факультеті ұжымына және музей қызметкерлеріне алғысын білдірді
Сонымен қатар шараға белгілі реставратор, «Остров Крым» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының директоры Қырым Алтынбеков, ҚазҰУ профессорлары М. Е.Елеуов, А.Қалыш құттықтау сөз сөйлеп, көрменің ашылу лентасын қыйды
Көрменің экспозициялық құрылымын дайындаған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері - ғалым хатшысы Х.А Айтқұл, Бас суретшісі Д.М. Бектемиров және бас қор сақтаушы А.Ж.Амаргазиева және ҚазҰУ музей қызметкерлері
ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орайластырылған көрменің мақсаты – халқымыздың археологиялық, этнографиялық, рухани және мәдени мұрасымен және Алтын адам тарихынан сыр шертетін құнды археологиялық жәдігерлермен таныстыру
Көрме экспозициясына ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен түпнұсқа қыш ыдыстары, көне зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар және т.б. Қазақстан аумағынан табылған құнды жәдігерлер қойылады
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ҚазҰУ музейіндегі көрмесі 2024 жылдың 5 ақпан – 7 наурыз аралығында жұртшылық назарына ұсынылды