- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті" атты жылжымалы көрме әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұйымдастырылды
"Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті" атты жылжымалы көрме әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұйымдастырылды
2024-жылдың 26-қаңтар күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы университеттің 90-жылдық мерейтойы аясында «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: еліміздің білімді, ұлтжанды, саналы жастарына тарихы терең халқымыздың этнографиялық және рухани, мәдени мұраларын насихаттау; Ұлы ойшыл бабамыз Әбу - Насыр әл-Фарабидің туып - өскен жері көне Отырар қаласының тарихы мен өткен ғасырлардан сыр шертетін керемет құнды археологиялық жәдігерлерді зерттеп, реставрация және консервация арқылы ескерткіштердің сақталуын қадағалап отырған бірден - бір мекеме Отырар музейінен мәлімет беру. Ашылу салтанатына ҚазҰУ-дың басқарма мүшесі - Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ж.Н.Айтжанова, "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей қорығының директоры А.Қ.Жандосов, тарих факультетінің деканы т.ғ.д.,профессор Д.С.Байгунаков, Фарабитанушы - ғалым, ф.ғ.д.,профессор Ж.А.Алтаев, философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б.Мейірбаев, архелогия және антропология институтының директоры т.ғ.к., Ғ.Омаров, әлеуметтік даму және жастармен жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары Е.О.Айтуаров, музей жетекшісі А.Жұмекеқызы және белгілі ғалымдар мен әл-Фараби орталығының, университет музейінің қызметкерлері, тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, магистранттары қатысты.
Көрмеде "ОТЫРАР" музей - қорығы қоры жинағындағы археологиялық жәдігерлер - керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар ұсынылды. "ОТЫРАР "мемлекеттік археологиялық музей - қорығының " "ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ және ОТЫРАР алқабының қалалық мәдениеті" тақырыбындағы көрмесін ҚазҰУ музейінде 1-айға жуық уақыт тамашалай аласыздар.