2024 жылдың 6-шы ақпаны күні университет музейіндегі жаңа екі жылжымалы көрмені тамашалауға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бір топ оқытушылары келді

6 ақпан, 2024

Физика-математика саласының мамандары университет музейінің тарихымен танысып, Отырар мен Есік археологиялық қорық музейлерінің экспозицияларына қызығушылықтарын танытты. Отырар мен Есік қорғандарынан табылған теңдесі жоқ археологиялық жәдігерлердің жоғары оқу орнындағы музей аясында қойылуына және университет студенттерінің осындай құндылықтарды тегін тамашалауға мүмкіншіліктерінің жоғары екендеріне сүйіспеншілігін білдірді