Белсенді студенттерге әлеуметтік қолдау ретінде шетелдік компания атаулы шәкіртақы тағайындалды

6 ақпан, 2024

  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90- жылдығы қарсаңында университетіміздің Басқарма Төрағасы - Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен, KT&G (кей-ти- энд-джи) компаниясының демеушілігімен университетіміздің оқу да озат, әрі белсенді жиырма студенті атаулы стипендияларға ие болды. Атаулы стипендияның жалпы соммасы 20 мың АҚШ долларын құрайды, яғни әр студентке 1000 мың АҚШ долларынан беріледі. Университет басшылығы тарапынан студенттердің жан-жақты тұлға ретінде дамуына, әрі білімдерін Елімізде ғана емес, шетелде де жетілдірулеріне мүмкіндік беріліп отыр. Сол себепті аталған жиырма студент шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алып отыр.