ТДМ-3: «Түберкүлездің алдын алу» және «Темекі шегу мен алкоголизм»

2 ақпан, 2024

 

2024 жылдың 25, 30 қаңтар және 1 ақпан  күндері экономика және бизнес жоғары мектебі, механика-математика, медицина және денсаулықты сақтау факультеттерінде  «Түберкүлезді алдын алу», «АИТВ/ЖИТС», «Темекі шегу мен алкоголизм», «Нашақорлық» тақырыптары аясында дәріс өткізілді. Бүгінгі дәрісте «Түберкүлездің алдын алу» және «Темекі шегу мен алкоголизм» тақырыбы туралы баяндалды.

Аталған дәріс, Темекі шегудің, алкоголизмнің, нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

 Дәрісте лектор Лукьянчикова Е.Н.  денсаулыққа зиянды факторларды атап өтті: темекі шегу, алкоголизм және нашақорлық. Студенттердің назарына  никотин, алкоголь, нашақорлықтың клиникалық көрінісі мен салдары көрсетілген презентация ұсынылды. Қазіргі таңда көптеген жаңа наркотикалық заттар пайда болған. Зиянды әдеттермен күресу жолдары айтылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу соңында студенттер білім алғандарын, үлкен позитивті эмоциялар алғанын, шынайы әңгімелер және презентация ұнағанын атап өтті. Бұл кездесу студенттердің өздеріне деген сенімділігін арттырып, өз ойын жеткізуге көмектесті.